Коллектив

Қадыров Құрманғазы Қайрулаұлы

Категория: Творческие личности Печать страницы
Қадыров Құрманғазы Қайрулаұлы

1959 жылы 29 қаңтар Қызылорда облысы, Жаңақазалы ауылында дүниеге келді.

1981 жылы Ленинград қаласындағы

И.Е. Репин атындағы кескіндеме және сәулет институтының акамемиялық сурет бөлімін бітірді.

1983-1985 жылдары В.А. Серов атындағы көркемсурет училищесінің кескіндеме бөлімінде дәріс алды.

1989 жылы Ленинград қаласындағы Қалақұрылысы және сәулет мектебінің сәулет өнері бөлімін бітірді.

2005 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық институтыныңкөркемсурет және графика факультетінде дәріс алды.

2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі.Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының Алматы облыстық филиалының төрағасы.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Дизайнына қосқан үлесі үшінЕсік қаласының 2000 жылдығы медалімен марапатталды. /Алматы қаласы/

2008-2009 жылғы меценаттар Клубының тәуелсіз « Ильхам » сыйлығының «Бейнелеу өнері » номинациясы бойынша екінші дәрежелі дипломымен марапатталды . Алматы облысы әкімінің дипломымен марапатталды.

2012 жылы дизайн саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының 25 жылдық мерейтойы медалімен марапаталды .

1990 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық Сәулет және қалақұрылысы бөлімінде жетекші сәулетші қызметін атқарды.

Қазіргі кезде сәулеттік жобаның бас сәулетшісі қызметін атқарады.

Еңбекшіқазақ ауданының гербінің авторы.

 

Жеке көрмелері:

1998 жылы жеке көрмесі. /Есік қаласы./

2005 жылы жеке көрмесі./Талдықорған қаласы/

2009 жылы Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының көрме залында жеке көрмесі./Алматы қаласы/

Көптеген Халықаралық көрмелерге қатысып, облыс, аудан атынан жылжымалы көрмелерімен мәдени іс-шараларға қатысып келеді.