Коллектив

Карабалаев Еділбай Әбуаліұлы

Категория: Творческие личности Печать страницы
Карабалаев Еділбай Әбуаліұлы

1958 жылы 16. наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келді.

1979-1983 жылдары Шымкент қаласы Ә. Қастеев атындағы көркем-сурет училищесінде оқып, көркемдеуші – суретші мамандығын игеріп шықты.

1983-1988 жылдары Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтының қолданбалы декоративтік өнері бөлімін бітірді.

2007 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында мамандығы бойынша «Дизайн» бөлімінде білімін жетілдірді.

2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі

Республикалық және халықаралық көрмелердiң қатысушысы.

2012 – Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының 25 жылдық мерейтойына арналған көрмесі. Алматы облысы әкімінің «Көркемөнер галереясы», Талдықорған қаласы.

2012 - «Алматы Өңі - Лик Алматы» және «Актуальный дизайн» дизайнның халықаралық байқаулары (Алматы қаласының әкімдігі, А.Қастеев атындағы мемлекеттiк мұражайы, Қазақстан Дизайнерлер Одағы - Almaty Design Week).

2010 - «Сенің «Жемқорлық жоқ!» дегенің маңызды» атты республикалық плакаттар байқауы. Алматы облысы әкімінің «Көркемөнер галереясы», Талдықорған қаласы.

2007 - Жетiсу институты дизайн орталығының есеп беру көрмесi. Алматы облысы әкімінің «Көркемөнер галереясы», Талдықорған қаласы.

2005 - Ұлы Жеңістің 60-жылдығына арналған облыс суретшілер көрмесі, Алматы облысы әкімінің «Көркемөнер галереясы», Талдықорған қаласы.

2004 - Облыс суретшілер көрмесі, халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 100-жылдығына арналған жеке көрмесі, Алматы облысы әкімінің «Көркемөнер галереясы», Талдықорған қаласы.