Коллектив

Жаппарқұлова Теңгеш Шотайқызы

Категория: Творческие личности Печать страницы
Жаппарқұлова Теңгеш Шотайқызы

1957 жылы 12 қаңтарда Шымкент облысы, Ленин ауданы, Қаратас селосында дүниеге келді. 1974 жылы осы селодағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік аяқтап, 1978 жылы Шымкент педагогика институтының көркем графика факультетіне түседі. Еңбек жолын 1978 жылы Ленин селосы Қ. Сәтпаев атындағы орта мектептің сурет және сызу пәні мұғалімі болып бастады.

1986 – 1990 жылдары Текелі қаласы Балалар көркемсурет мектебінің мұғалімі, 1991 жылы Қарабұлақ елді мекенінде

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте сурет және сызу пәні мұғалімі болып, 1992 – 2001 жылдарда Текелі қаласы Балалар көркемсурет мектебінде жұмыс істеді.

2002 жылы «Балалар шығармашылық орталығының» көркемсурет бөлімі оқытушысы болып қабылданып, 2010 жылдан көркемсурет бөлімі ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Қалалық, облыстық, өңірлік, республикалық семинарларда шебер - сыныптар өткізді. Облыстық, республикалық байқаулардың дипломанты. 2007 жылы «Кестелі өрнек» авторлық бағдарламасы АОМКДИ – де бекітілген. Оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.

Жұмыстары Талдықорған көркемсурет галериясында 2007, 2009, 2012 жылдары көрмеге қойылды. Талдықорған қаласындағы Ресей банкінде 2011 АОМКДИ де 2005 жылы Алматы қаласында көрсетілді.