Коллектив

Ғазез Нұралтай

Категория: Творческие личности Печать страницы
Ғазез Нұралтай

Ғазез Нұралтай 1969 жылы Монголия Республикасының Баян – Өлке аймағында дүниеге келді.

1978 – 1988 жылы 10 – жылдық орта мектепті бітіріп, 1988 – 1990 жылдары Улан – Батор қаласында суретшілер дайындайтын училищенің «Графика» факультетін бітірген.

1990 – 1991 жылдары Баян – Өлке аймақтық қала безендіру мекемесінде суретші болды.

1992 жылы атамекені Қазақстан Республикасына қоныс аударды.

1992 – 1997 жылы Семей МУ – нің «Көркемсурет және графика» факультетін бітірді.

1998 – 2013 жылға дейін Алматы облысы Текелі қаласы №5 орта мектебінде сурет және сызу пәнінің мұғалімі. Төрт баланың әкесі.

Қатысқан көрмелері: 2003 – Алматы оқушылар көрмесі, 2004 – суретші мұғалімдер көрмесі, 2005 – татулық «Бірлік күні» көрме, 2007 жыл – оқушылар көрмесі, 2012 - қала күні – Қапшағай.