Коллектив

Бекежан Туғанбаев

Категория: Творческие личности Печать страницы
Бекежан Туғанбаев

Туғанбаев Бекежан Нұрғамитұлы 1943 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы, Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келді.

1972 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп, көркемдеуші-суретші мамандығын игеріп шықты.

1988 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі.

1985 жылы Республикалық қолөнер шеберлерінің байқауына қатысып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

1988 жылы «Түлек» атты жастар көрмесіне қатысып, Орталық Комсомол Комитетінің грамотасымен марапатталды.«Өнер» комбинатының грамотасы, «Қазақфильм» киностудиясының Құрмет грамотасымен марапатталды. «Орал от құшағында» атты кинофильмді түсіруге атсалысты. Мәдениет министрлігінде суретшілер алқасының мүшесі болды. Қазақстан Республикасының Орталық музейіне 20-ға жуық қолөнер бұйымдары экспонат ретінде сатып алынды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі, Шоқан Уалиханов мұражайы, Ықылас атындағы Республикалық халық музыкалық аспаптар музейін, Орта Азия әскери округінің «Азаматтық қорғаныс» макеті және аудан мұражайларында көптеген мекемелер мен мұражайлардағы қолөнер бұйымдарын қалпына келтіруге (рестоврация) қатысты.