Коллектив

Ахметов Есжан Базарбекұлы

Категория: Творческие личности Печать страницы
Ахметов Есжан Базарбекұлы

1979 жылы 17 қаңтарда қазіргі Ескелді ауданы, Жаңалық ауылында дүниеге келді.

1986 - 1996 жылдар аралығында Алдабергенов ауылының Матай Байысов атындағы орта мектебін бітірді.

1996-2000 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің “ Көркемсурет және графика” факультетінің “ Бейнелеу өнері және сызу пәнінің оқытушысы”, “ Ағаш пен металлды көркемдеп өңдеу” мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2000-2002 жылдары Талдықорған қаласының №24 М. Арын атындағы “Экономика және бизнес” лицейінің “Бейнелеу өнері” пәнінің мұғалімі ретінде, 2003 жылы Жаңалық ауылының орталау мектебінің аталмыш пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарды.

2003-2004жылдары Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының “Сәндік өнері және дизайн” факультетінің “Металлды көркемдеп өңдеу” кафедрасының дәріскер шебері ретінде қызметін атқарды.

2004жылдан бастап І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің “Бейнелеу өнері және дизайн” кафедрасының аға оқытушысы ретінде қызмет атқарды.

2012 жылы Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің директоры қызметін атқарады.

2004 жылдың 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматы облысы Әкімдігінің ұйымдастыруымен Туркияның Анталия қаласында өткізілген, “Алматы облысының мәдениет күндеріне” арналған “Жер жаннаты Жетісу” атты көрмеге қатысады.

2006жылы Қырғыз Республикасы Ош қаласында өткен қолөнер шеберлері көрмесіне қатысады.

2008жылы Астана қаласының 10 жылдық мерейтойына арналған “Астана 1000 жылдықтар тоғысында” атты көрмеге қатысады.

2008 жылы Қазақстан Республикасының 17 жылдық мерейтойына байланысты қазақ халқының мәдениеті мен өнерін насихаттау және тәжірибежинау мақсатында Израйль Мемлекетінің Тель-Авив қаласында “Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің” көшпелі көрмесіне қатысады.

2009 жылы І. Жансүгіров ат. жетісу Мемлекеттік университетінің “Жыл оқытушысы” номинациясы бойынша марапатталады.

2010 жылы Оңтүстік Корея Республикасының Сувон қаласында өткен Алматы облысының мәдениет күндеріне арналған көрмесіне қатысты.

2010 жылы Ел ордасы Астана қаласының туған күніне орай өткізілген “ Мыңжылдық тоғысындағы Астана” атты көрмесіне қатысады.

2010 жылы Жаркент қаласындағы “Ә. Қастеевтің көркемсурет галлереясында өткізілген “ Талдықорған таланттары” атты көрмеге қатысады.

2010 жылы Көкшетау облысы Бурабай қаласында “Жемқорлыққа қарсы істер” тақырыбында өткізілген Халықаралық форумында “ Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі” қызметкерлерімен қолөнер көрмесін ұйымдастырып, зергерлік және ұсталық өнерінен мастер класс өткізеді.

2011жылы Иран Ислам республикасының Тегеран қаласында өткен Халықаралық қолөнер фестивалінде қолөнер туындылары көрмеге қатысады.

Осыдан басқа көптеген қалалық, облыстық суретшілер көрмесіне белсенді қатысады.

Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі.