Коллектив

Шоқпаров Дәулет Дәркембайұлы

Категория: Творческие личности Печать страницы
Шоқпаров Дәулет Дәркембайұлы

1972 жылы 30 қыркүйекте Алматы облысы, Талғар қаласында дүниеге келді. Даулет Шоқпаров 1989 жылы Абай атындағы Мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетіне түсіп, 1994 жылы ойдағыдай тәмамдады.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Дизайнерлер Одағының, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі.

Қазіргі кезде «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайының» директоры.

Шоқпаров Дәулет өзінің туындылары ер-тұрман әбзелдерімен, зергерлік: алқа, сырға, сақина, жүзік, білезік сынды сәндік бұйымдарымен, теріден: торсық, саба, кесе қап, қару - жарақтар, оның ішінде айбалта, қалқан, жеңсе, тізелік сынды қолөнер бұйымдарымен көптеген көрмелерде қазақ халқының ұлттық нақышты бейнесімен, ата бабадан қалған мол мұраны халық арасына насихаттап келеді.

Шоқпаров Дәулет Дәркембайұлы көрмесімен республика атынан Халықаралық көрмелерге қатысып, облыс, аудан атынан жылжымалы көрмелерімен мәдени іс шараларға қатысып келеді.