Коллектив

Попова Наталья Владимировна

Категория: Творческие личности Печать страницы
Попова Наталья Владимировна

1952 жылы Алматы облысы, Бақанас селосында дүниеге келді.

1968 жылы орта мектепті аяқтады. Балқаш телеарнасында

1 жыл суретші декоратор болып жұмыс істеді.

1969 жылы Қарағанды қаласындағы педагогика институтының көркем – графика факультетіне түсіп 1974 жылы аяқтады, №17 орта мектепте сурет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1985 – 1991 жылдары Балқаш қаласындағы педагогикалық училешесінде оқытушы болды.

1991 – 1992 жылдары Текелі қаласындағы көркемсурет мектебінің мұғалімі.

1992 – 1995 жылдары балалар көркемсурет бөлімінің оқу ісінің меңгерушісі, 1995 – 2001 жылдары директор қызметін атқарды.

2002 жылы Музыка және көркемсурет мектептерінің қайта бірігуімен Текелі қаласы әкімдігінің 2010 жылға дейін оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2010 жылдан зейнетке шығуына байланысты осы мекемеде оқытушы қызметін атқарады.

1. Талдықорған қаласында облыстық галерияда өткен көрмелерге 2005, 2007, 2009, 2012 жылдары қатысты.

2. Талдықорған қаласындағы «Россия» банкінде 2011 жылы.

3. Алматы қаласы, орталық мемлекеттік мұражайда 2007, 2009 жылдары оқытушылық қызметі.

«Қазақстан Республикасының білімінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.