Коллектив

Намазбеков Тлеш Рымжанұлы

Категория: Творческие личности Печать страницы
Намазбеков Тлеш Рымжанұлы

Намазбеков Тлеш Рымжанұлы 1964 жылы 12 қыркүйекте Алматы облысы, Қаратал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келді.

1982-89 жылдары Еңбек Қызыл Ту Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Көркемсурет-графика» факультетін бітірді.

1992, 1994, 1996 жылдары Республикалық «Үкілі домбыра» шеберлерінің байқауына қатысқан үміткер.

Республикалық, облыстық, қалалық көрмелердің қатысушысы.

2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған Алматы облысы суретшілерінің «Мәңгілік тағзым» атты жинақталған көрмесі. Алматы облысы әкімінің «Көремөнер галереясы», Талдықорған қаласы.

2010 жылы Алматы облысы Ақбұлақ демалыс орнында өткен ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығының делегацияларына арналған көркемсурет және халықтық қолданбалы өнер көрмесіде жеке ұлттық саз аспаптарынан көрме өткізді.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагариннің ғарышқа ұшқанына 50 жыл толуына орай «Гагарин көктемі» атты республикалық көркемөнер көрмесіне қатысты.

Астана қаласында өткен «Алматы облысының мәдени күндері аясында» атты көркемсурет және халықтық қолданбалы өнер көрмесі.

Жұмыстары республикалық, облыстық және АҚШ, Канада, Германия т.б. шет мемлекеттердің жеке коллекцияларында сақтаулы.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде технология пәнінің мұғалімі және қолөнер шебері.