Коллектив

Найзабеков Бақтыбай Нүсіпбекұлы

Категория: Творческие личности Печать страницы
Найзабеков Бақтыбай Нүсіпбекұлы

1965ж. 15 наурыздаАлматы облысы Ақсу ауданы қазіргі Ақын-Сара аулында дүниеге келді

1982ж. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесінің«Металды көркемдеп-өңдеуші шебері» бөлімінде оқып, «суретші-шебер» мамандығын алып шықты.

1988ж. Жолдамамен Талдықорған қаласында «Казкварцсамоцветы» заводының, халық тұтынатын тауарлар цехында диплом мамандығы бойынша, зергерлік шеберлігін шыңдады.

Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Университетінің «Көркемсурет және графика» факультетінің «Бейнелеу өнері және сызу пәнінің оқытушысы» мамандығын сырттай бітірді.

1993-2004 жж. аралығында Талдықорған қаласында қазіргі №19 КМ шебер және оқытушы болып жұмыс істеді.

2004-2009 жж. Талдықорғанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасында ұстаздық қызметін атқарды.

Қазіргі кезде өнер саласында өз мамандығы бойынша жеке кәсіпкер мүсін, графика, қолөнер түрлері және әртүрлі дизайн стильдерімен айналысады.

Өзініңжеке шығармашылық туындыларымен көптеген қалалық, облыстық және Республика көлеміндегі көрмелер мен конкурстарға жиі қатысып әртүрлі марапаттармен, алғыс хаттарға ие болды. Авторлық жұмыстары да жоқ емес, әрдайым ізденісте.