Коллектив

Қыдырбай Далабаев

Категория: Творческие личности Печать страницы
Қыдырбай Далабаев

Суретші-ұста Қыдырбай Далабаев – 1963 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниге келді. Талантты әрі алдына мақсат қойған ол бала кезінен бастап сурет салды, саз балшықтан әртүрлі мүсіндерді жасады, тіпті сол кезде-ақ өзінің болашағын болжап қойғандай дерсің. 1985 жылы металл өңдеудің қыр-сырын жетік білетін ұстазы Арыстан Хасеновтен ұсталық шеберліктің алғашқы сырларын үйренді.

1991 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін бітіріп, ұсталық өнерді меңгеріп, қолға алған ісін шығармашылық деңгейге көтере білді. Ұстаның көздің жауын алатындай туындылары, ұсталық өнердің одан әрі дамуында оның енгізген жаңалығы, оның үлесі тек ежелгі шеберлер кәсіпшілігінің негізгі элементтерінің жүздеген жылдар бойғы дәстүрін жаңғыртумен шектелмейді, сонымен қатар оны басқа материялдан- текстуралы, икемді және керемет табиғи материалдан-ағаштан жасалған классикалық скульптуралық символ-образдармен біріктіруге күш салып, мүсін өнерінде темірден көркемдеп құю, қақтау техникасынан ерекше қолтаңбасын көрсете білген шебер.