Пресс-центр

«Ұлттық қолөнер – ата-баба мұрасы»

Кәсіпқой қолөнер шебері Жамила Есимованың «Ұлттық қолөнер – ата-баба мұрасы» атты Еріктілер жылы аясында ұйымдастырылған жеке көрмесі өтеді.
Подробнее Просмотры: 233 Категория: Афиша Дата: 27.02.2020

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты облыстық кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме-байқауы

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты облыстық кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме-байқауының ЕРЕЖЕСI Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі №27 А Байқаудың негiзгi мақсаты мен міндеттері: Ұлы ақын, ойшыл, дана Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау мақсатында Абайдың жарқын бейнесін кенеп бетіне түсіру. Сурет өнері арқылы өскелең ұрпақтың ел мен жерге деген перзенттік махаббатын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Облыстық кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме ұйымдастыру, жұмыстарын насихаттау, олардың тың шығармаларымен галерея қорын толықтыру. Басты талаптары мен негiзгi шарттары: 1. Байқауға барлық кәсіби суретшілер қатыса алады. 2. Әр үмiткер 3 туындыдан өткізуі қажет: - багетімен безендірілген; - туынды көлемі 80х100см. кем болмауы тиіс. 3. Туынды төмендегідей тақырыптарды қамтуы тиіс: - дара тұлға – Аб...
Подробнее Просмотры: 479 Категория: Новости Дата: 28.01.2020

«Ә.Қастеев шығармашылығынан» атты галереяның негізгі қорынан жинақталған көрмесі

2020 жылдың 14 қаңтар күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да Қазақстан халық суретшісі Ә.Қастеевтың туған күніне арналған «Ә.Қастеев шығармашылығынан» атты галереяның негізгі қорынан жинақталған көрмесі өтті. Көрмеде Талдықорған қаласының «Балалар көркемсурет мектебі» оқушыларына Ә.Қастеев шығармаларынан галерея қызметкері Т.Садықова лекция оқып, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі А.Асқаров кескіндеме өнерінен шеберлік-сабағын көрсетті.
Подробнее Просмотры: 177 Категория: Новости Дата: 14.01.2020

Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты Алматы облыстық кәсіпқой суретшілерінің туындыларынан жинақталған көрме-байқауы

2019 жылдың 13 желтоқсан күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты Алматы облыстық кәсіпқой суретшілерінің туындыларынан жинақталған көрме-байқауының салтанатты ашылуы өтті. Көрме-байқауға Алматы облысының кәсіпқой суретшілері С. Абдрасилов, А.Оймауытов, М.Әбділдаев, А.Асқаров, Қ.Медешев, Ш.Усманов, Н.Ысқақов, А.Бекбергенова, Ә.Бакирова, С.Сарсенбаева, С.Қазиев, А.Абылханов, Ш.Заманбекова, Ә.Ысқақов және т.б. барлығы 20 – ға жуық суретшілер қатысып, 30 – дан астам туындылары қойылады. Көрме-байқаудың мақсаты: Жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту,ұлттық мәдени-мұраны сақтау, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, рухани байлығымызды жоғалтпай, асқақтату. Көрме-байқауға қа...
Подробнее Просмотры: 247 Категория: Новости Дата: 13.12.2019

«Туған өлке бояулары» атты галереяның 2019 жылғы атқарылған іс – шараларының қорытынды көрмесі

Бүгін, 11 желтоқсан 2019 жылы «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Көркемөнер галереясы» МКҚК -да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған өлке бояулары» атты галереяның 2019 жылғы атқарылған іс – шараларының қорытынды көрмесінің салтанатты ашылу өтті. Галереяның залында өнер пәнінің мұғалімі Қалиева Бахыт Дылдыбайқызын, қолөнер үйірмесінің жүргізушісі Сейсембаева Батима Мұхтарбекқызы және Асқаров Айдар шеберлік-класстарын өткізді. Көрменің мақсаты: Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының өнерлерін насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ бойында өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы ж...
Подробнее Просмотры: 224 Категория: Новости Дата: 11.12.2019