Пресс-центр

экскурсия

2019 жылдың мамыр айының 29күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің 2- топ білім алушылары және топ жетекшісі Нұрмухамбетов Саят Амантайұлына мәдени-ағарту, демалу экскурсиясы жүргізілді. "Көркемөнер галереясының" қорындағы тариxи жанрда орындалған жас суретшілер С.Сәрсенбаеваның «Ұлы Жәнібек», «Бәйбіше», М.Сағындықтың«Көкпар», «Керей мен Жәнібек» атты туындылармен қатар Алматы облысының атақты суретшілері К.Муллашевтың «Қыпшақ қызы», Ә.Исмаиловтың «Оқжетпесі», Б.Ахметовтың «Атамекен» атты туындыларынан ерекше әсер алып қайтты.
Подробнее Просмотры: 226 Категория: Новости Дата: 29.05.2019

Қаламыздағы №2 орта мектептің окушысы, жас суретші Арман Каримжановтың Жастар жылына арналған «Талпыныс» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу

2019 жылдың мамыр айының 22 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, Қаламыздағы №2 орта мектептің окушысы, жас суретші Арман Каримжановтың Жастар жылына арналған «Талпыныс» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті Елбасымыздың жастарға әркез назары, қамқорлығы ерекше. 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақсандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке жастардың білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды. Әсіресе, жоғары оқу орындарының білім сапасы, түлектердің жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс. Себебі білімді жас сапалы маман болып қалыптасары сөзсіз. Бүгінгі Жастар жылында ұйымдастырылып отырған «Талпыныс» атты көрмеге Арманның 20 – ға жуық туындылары қойылып отыр. Ашыл...
Подробнее Просмотры: 266 Категория: Новости Дата: 22.05.2019

экскурсия

2019 жылдың мамыр айының 8күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Рысбекова Рысжан Мырзашевна және дефекталогия мамандығының магистранттары БексултановаА.С., Рамазанова А.Б. келіп галереяның көрме залдарын аралып, ағымдағы өткізіліп жатқан көрмелерді тамашалап, өз ризашылықтарын білдірді.
Подробнее Просмотры: 188 Категория: Новости Дата: 08.05.2019

Марат Әлімқұлұлы Нисуповтың «Мәңгілік мұра» атты жеке шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы

2019 жылдың сәуір айының 30күні сағ. 15-00 де «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі, көркем академиясының академигі, «Таранда Великого Эля» алтын медалінің иегері, Халықаралық көмелердің лауреаты, жетісулық суретші Марат Әлімқұлұлы Нисуповтың «Мәңгілік мұра» атты жеке шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Суретшінің шығармашылығын бірнеше салаға бөлуге болады. Натюрморт, пейзаж, тематикалық картиналар және портреттер. Суретшінің шығармашылығының басты жанры – портрет. Еліміздің Тұңғыш Президенті, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бірнеше портреттерінің авторы. Монако Князі Алберт ІІ портретінің, өнер қайраткерлері Асанәлі Әшімовтың, Нұржұман Ықтымбаевтың, Роза Бағланованың, Бибігүл Төлегенованың, көптеген ауыл қарияларының, замандастарымыздың по...
Подробнее Просмотры: 274 Категория: Новости Дата: 30.04.2019

«Жаңа технология және өнер» атты жинақталған көрмеcі

2019 жылдың сәуір айының 26күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, Орал Таңсықбаевтың 115 жылдығына арналған О.Таңсықбаев атындағы сәндік – қолданбалы өнер колледжі студенттерінің туындыларынан жинақталған «Жаңа технология және өнер» атты жинақталған көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге колледж студенттерінің ең үздік жұмыстары қойылып отыр. Ашылу салтанатына, ҚР Мәдениет және Еңбек сіңірген қайраткері, колледж директоры Шалабаев Сейтхали Исақұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, «ҚР Ерең Еңбегі үшін» медалінің иегері Әлжан Серікбай Мүбәрәкұлы сөз алып, жылы лебіздерін білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Көрме бір ай көлемінде өз көрермендерін күтеді. Келіңіздер, көріңіздер!
Подробнее Просмотры: 306 Категория: Новости Дата: 26.04.2019