Пресс-центр

«Өлке өнері» атты кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме – байқауы

2019 жылдың маусым айының 7 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұйымдастырылып отырған «Өлке өнері» атты кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме – байқауының ашылу салтанаты өтті. Қазақ халқы– қай ұлтпен болса да терезесi тең халық. Оның ке­ңiс­тiктi қабылдауы, ой ұшқырлығы, философиясы, өмiрдi қа­былдауы өзге елдерден асып түспесе, кем түспейді. Біздің Жетісу өңірінен шыққан қаншама майталман қылқалам шеберлері көптеген Халықаралық, Бүкілодақтық, республикалық көрмелерге қатысып, өте жоғары жетістіктерге жетті. Көрме-байқауға Жетісу өңірінің 22 кәсіпқой суретшілері қатысты. Көрмеге қойылған жұмыстар, республикалық, облыстық меке­ме­ле­рiмiз суретшiле­рдің жүректен шыққан әсерлi туындылары...
Подробнее Просмотры: 322 Категория: Новости Дата: 07.06.2019

экскурсия

2019 жылдың маусым айының 6 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, М. Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп-леицейі мектеп жанындағы «Күншуақ» жаздық лагерінің оқушылары және тәрбиешілері: Сыдыкова Айдана Алимхановна, Сулейменова Зейнур Амангелдіқызына демалу-ағарту экскурсия жүргзілді. Келген қонақтарымызға 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Талдықорған қаласындағы «Балалар көркемсурет мектебі» оқушыларының дипломдық жұмыстарынан жинақталған «Шеберлікке жол» атты көрмесінің жұмыстарына қызығушылық танытып, өз ризашылықтарын білдірді.
Подробнее Просмотры: 274 Категория: Новости Дата: 06.06.2019

экскурсия

2019 жылдың мамыр айының 31 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, Ақын Сараның мемориалды музейінің меңгерушісі А. Алимбаева музейде ашылған «Жас жүргізуші» атты үйірмеге қатысып жүрген 8-10 сынып оқушларына демалу-ағрту экскурсиясы жүргізілді. Экскурсия барысында білімгерлер суретшілер мен қолөнер шеберлерінің туындыларына қызыға қарап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Подробнее Просмотры: 130 Категория: Новости Дата: 31.05.2019

«Шеберлікке жол» атты көрмесі

2019 жылдың мамыр айының 30 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Талдықорған қаласындағы «Балалар көркемсурет мектебі» оқушыларының дипломдық жұмыстарынан жинақталған «Шеберлікке жол» атты көрмесінің салтанаты ашылу өтті. 1979 жылы шығармашыл балалар үшін ашылған мектепке 2019 жылдың қыркүйек айында 40 жыл толғалы отыр. Осы уақыт ішінде мектеп қабырғасынан 300 ден артық шәкірт білім алып, жылдан жылға қалалық, Республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанып келді. Көрмеге балалардың 50 – ден астам жұмыстары қойылып отыр. Ашылу салтанатына суретшілер, мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер, оқушылар жалпы өнер сүйер қауым шақырылады. Көрме бір ай көлемінде өз көрермендерін күтеді. Келіңіздер, көріңіздер!
Подробнее Просмотры: 167 Категория: Новости Дата: 30.05.2019

экскурсия

2019 жылдың мамыр айының 29 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында білімін жетілдіру курсына қатысқан Алматы облысының кітапханашыларына экскурсия жүргізілді. Келген қонақтар Әбілхан Қастеевтің, Алпысбай Қазығұловтың және Өмірбек Жұбаниязовтың қайталанбас әрі бірегей туындылардың стилін, сондай-ақ әлі ашылмаған сырлары мен табылмаған қырларын қызығушылықпен тамашалады.
Подробнее Просмотры: 200 Категория: Новости Дата: 29.05.2019