Пресс-центр

«Жаңғырық» атты көрменің салтанатты ашылу

Категория: Новости
Дата: 31.10.2018
Просмотры: 294 Печать страницы
«Жаңғырық» атты көрменің салтанатты ашылу

2018 жылдың қазан айының 31 күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық кәсіпқой суретшілердің пленэрлік жұмыстарынан жинақталған  «Жаңғырық» атты көрменің салтанатты ашылу өтті.

     «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі болар осы үш концепция сөзсіз бір-бірімен сабақтасып, тамырласып жатқан идеялар.

        Елбасы Н.Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпқой суретшілердің «Туған жерім – тұғырым» атты Халықаралық пленэрі 2018 жылғы 10-19 қыркүйек аралығында Кеген ауданы, Саты ауылында өтті.

      Халықарлық пленэрге  Қырғызстан Республикасынан – Огобаев Талант Құрманбекович, Астана қаласынан –Тлеужан Батанов, Сейсенхан Махамбет, Алматы қаласынан – Өмірбек Жұбаниязов,  Хамза Қиқымов, Жайық Күшікбаев, Марат Абдреев, Батыс Қазақстан облысынан – Қайыр Оразғалиев, Павлодар облысынан – Өсербай Шуранов, Алматы облысынан -  Нұрболат Ысқақов, Қарлығаш Шалабаева, Қайрат Қаблисанов, Бақыт Ахметов, Айдар Асқаров және Мөлдір Қасымбекова сынды кәсіпқой суретшілер қатысты.

   Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Пленэрге қатысқан кәсіпқой суретшілердің этюдтық туындыларынан  көрме ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсыныплып  отыр.

   Көрмеге 30-дан аса жұмыстар қойылып отыр.

   Көрмені тамашалауға шақырамыз!