Пресс-центр

Астана қаласының 20 – жлдығына Хамза Қиқымовтың «Жаны жайсаң - Жетісуым» атты ҚР суретшілер Одағының мүшесі Хамза Қалиұлы Қиқымовтың жеке шығармашылық көрмесі

Категория: Новости
Дата: 26.10.2018
Просмотры: 343 Печать страницы
Астана қаласының 20 – жлдығына Хамза Қиқымовтың «Жаны жайсаң - Жетісуым» атты ҚР суретшілер Одағының мүшесі Хамза Қалиұлы Қиқымовтың жеке шығармашылық көрмесі

2018 жылдың 26 қазанында сағат 16:00-де Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының залында

    Астана қаласының 20 – жлдығына Хамза Қиқымовтың «Жаны жайсаң - Жетісуым» атты ҚР суретшілер Одағының мүшесі Хамза Қалиұлы Қиқымовтың  жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

     «Өнердің дамуы рухани өркендеудің құралы болғандықтан, тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік және мәдени дамуы аса маңызды басымдық болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрқашан ұлттың рухани байлығы бүгінгі ұрпақ санасына жаңғырту керектігін үнемі айтып келеді. Сондықтан да жас ұрпаққа  тәрбие беретін тарихта орны бар тұлғалардың ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайреткерлерінің рухани мұраларын кеңінен насихаттау күн тәртібіміздегі кезке күттірмес міндет.

      Суретші Хамза Қиқымов 200 – ден аса суреттердің авторы. 1947 жылдың 11 мамырында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген.

  Суретшінің 12 жұмысы Елбасының өмірі мен шығармашлығына арналған «Үшқоңыр» кітабына енді. Оның ішінде дастархан басында жиналған отбасы, әкесінің атына мінгескен кішкентай Нұрсұлтан, бидай шауып жатқан Елбасының бейнелері және т.б. бар.

     Хамза Қиқымов – Алматы облысының гербі мен туының, Талдықорған қаласының гербінің және «Алматы облысының Құрметті азаматы» төсбелгісінің авторы.

     Өнертанушылар Хамза Қиқымовты терең ойлы, ізденімпаз суретші деп атады және оны табиғаттың әсемдігі мен ұлылығын ашып көрсететін табиғат ырғағы мен сызбалары, жарығы мен бояулары қызықтырады дейді.

     Көрмеге суретшінің 20 – дан аса еңбектері қойылды.