Пресс-центр

«Астана - Ұлы дала Елордасы» көрмесінің ашылу салтанаты

Категория: Новости
Дата: 14.09.2018
Просмотры: 352 Печать страницы
«Астана - Ұлы дала Елордасы» көрмесінің ашылу салтанаты

«Астана - Ұлы дала Елордасы»
2018 жылғы 14 қыркүйек, сағат 16:00-де Астана қаласының 20-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен «Астана - Ұлы дала Елордасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Мәдени және спорттық іс-шаралар тек қана елордада ғана емес, өңірлерде де өткізіледі. Маңызды мәдени іс-шаралардың бірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің жинағынан Алматы облысының Көркемөнер галереясында өткізілетін бейнелеу өнері туындыларыныңкөрмесі болмақ. Аталған көрмеде белгілі қазақстандық суретшілердің 42 жұмысы ұсынылды.
Көрмеде Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қалақабаева Гульмира Мәлікқызы және Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметінің басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы бейнелеу өнерінің ерекшеліктерін ұлттық сана сезімнің парасаттылығын, қазіргі замандағы орны мен философиялық дәрежесін атап айтты.
Көрме қонақтары туындылардың қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуде ғана емес, майлы бояулы кескіндеменің техникасы еркін, автордың даралық стиліне таңырқай да тамсанада тамашалады.