Пресс-центр

ЭКСКУРСИЯ

Категория: Новости
Дата: 10.08.2018
Просмотры: 239 Печать страницы
ЭКСКУРСИЯ

2018 жылдың 10 тамызында «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да 30 тамыз конституция күніне арналған «Тәуелсіздік туы» атты Жетісудың фотосуретшілерінің біріктірілген фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. 
Тәуелсіздік алғалы бері ҚР Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігіне, сонымен қоса, демократиялық даму бағытындағы ел егемендігінің негізгі діңгегіне айналды. Ата Заңымыз ел азаматтарының барлығына бірдей ортақ, қазақстандықтар арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін, әркімнің бостандығы мен саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғайтын тұрақты негізіне айналды. 
Көрмеге Жеңіс Ысқабай, Когутенко Валерий Семенович, Щербаков Сергей Анатольевич және тағы басқа Жетісу өңірінен шыққан фотосуретшілердің 20-дан астам фотосуреттері көрермендер назарына ұсынылды. 
Көрмені Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары тамашалап, фотосуретшілерге ізгі ниеттері мен тілектерін білдірді.