Пресс-центр

Астана қаласының 20- жылдығына арналған «Астана – бас қала» атты Алматы облысы суретшілерінің жинақталған көрмесі өтті.

Категория: Новости
Дата: 19.07.2018
Просмотры: 266 Печать страницы
Астана қаласының 20- жылдығына арналған «Астана – бас қала» атты Алматы облысы суретшілерінің жинақталған көрмесі өтті.

2018 жылдың шілде айының 19 күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында.

     Астана қаласының 20- жылдығына арналған «Астана – бас қала» атты Алматы облысы суретшілерінің жинақталған көрмесі өтті.

        Көрмеге Алматы облысының кәсіпқой суретшілері Ш.Усманов,                      Қ.Медешев, С.Мырзатаев, Қ. Шалабаева, Н.Искаков, Б.Садиева, А.    Бекбергенова, Ә.Бакирова, А.Карабалаеваның және т.б. еркін тақырыпта жазылған 20-ға жуық туындылары қойылып отыр.

     «Кешегі өткен күн бүгінгі тарихымыз болып саналады. XX-шы XXI-ші ғасырдың тоғысында туған еліміздің тарихында мың жылда бір-ақ рет болатын Ұлы оқиға орын алды. Ол Ел астанасының қазақтың кең жазира даласы Сарыарқаның нақ төсіне көшіп келуі еді. Бүгінгі күні  Жаңа Елордамыздың – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланғанына 20 жыл толып отыр.. Жиырма жылда жиырма ғасырда атқарылмаған жұмыстар жүзеге асып отыр. Бұл күнде, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Өзі таңдап, Өзі негізін салып, Өзі іргетасын қалаған сүйікті шаһарымыз туған еліміздің абыройын асқақтатып отыр.

      Астана - Қазақстанның мақтанышы, көз қуанышы.Бүкіл ел абыройының асқақ көрінісі, мемлекетіміздің мақтан тұтар айнасы. Дүниежүзі халықтарының көпшілігі туристік, дипломатиялық сапармен қонаққа келіп, елордамыздың жылдан-жылға көркейіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму қарқынын үдете түскеніне таңырқай да тамсана да қарайды. Бүгінгі таңда Астана әлем елдерінің тарихында шапшаң жылдамдықпен қарыштап, инфрақұрылымдық сатылардан тайсалмай, өсіп-өркендеп келе жатқан еңселі шаһарлардың бірі де бірегейі, Елордамыз – Астана жайнай берсін

 

   Көрмеге қойылған туындылар, ұлттық өнерімізді, дәстүрімізді, салтымызды насихаттауға ықпалын тигізері сөзсіз.