Пресс-центр

«Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» арналған «Көркемөнер галереясының» қорындағы атақты туындыларынан жинақталған жылжымалы көркемсурет көрмесі

Категория: Новости
Дата: 24.05.2017
Просмотры: 703 Печать страницы
«Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» арналған «Көркемөнер галереясының» қорындағы атақты туындыларынан жинақталған жылжымалы көркемсурет көрмесі

19 мамыр күні «І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде» Алматы облысы әкімінің қолдауымен, «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының» ұйымдастыруымен «Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің» кәсіби мерекесі аталып өтті.
Аталған іс-шараға «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» арналған «Көркемөнер галереясының» қорындағы атақты қылқалам шеберлері: Г.Исмаилова, Ө. Жұбаниязов, К.Муллашев, М.Нисупов, Н.Қилыбаев. Алматы облысының танымал суретшілері: Е.Жүнісxан, Қ.Шалабаева, А.Бекбергенова, қаламыздың жас суретшілерінің бірі С.Сәрсенбаеваның туындыларынан жинақталған жылжымалы көркемсурет көрмесі қойылды.
Көрмені Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және мәртебелі меймандар тамашалады. Облыс әкімі қолөнер шебері М.Әбділдаевтың ағаштан жасалған панно жұмыстарына, Қ.Шалабаеваның туындысындағы майлы бояудың ерекше техникасына тәнті болды.
Алматы облыстық кәсіпқой суретшілері мен қолөнер шеберлерінің туындыларынан жинақталған көрмесінен көрермендер өз балалық шақтарын еске алып, әсем де сұлу табиғат көріністерінен жақсы әсер алып қайтты. Экспозиция бойынша іс-шараға келген қонақтарға экскурсия жүргізілді.