Пресс-центр

Персональноя выставка «Гүлдер әуендері» посвященный 90 – летию народного художника Сабыра Мамбеева а также приуроченный к 20-летию г.Астаны по программе «Рухани жаңғыру» выставлено 20 живописных работ Бэллы Садиевой.

Категория: Новости
Дата: 12.07.2018
Просмотры: 423 Печать страницы
Персональноя выставка «Гүлдер әуендері» посвященный 90 – летию народного художника Сабыра Мамбеева а также приуроченный к 20-летию г.Астаны по программе «Рухани жаңғыру» выставлено 20 живописных работ Бэллы Садиевой.

2018 жылдың 12 шілдесінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында.

     Қазақстанның халық суретшісі Сабыр Мәмбеевтің 90 – жылдығына арналған Бэлла Садиеваның «Гүлдер әуені» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

      Қазақстанның халық суретшісі, кескіндемеші Сабыр Мәмбеев тірі болса биыл  90- жасқа толар еді. Сабыр атамыз Қазақстан Суретшілер одағын 26 жылдан астам уақыт басқарған. Бұл қызметке Репин атындағы институтты бітіріп келгеннен соң қол жеткізген. Қазақтың сурет өнеріне титімдей болсын, үлесімді қоссам деген ниетпен өмір сүрген бірден-бір жан. Әкесі 1930 жылдары ашаршылық кезінде дүниеден өтіп, 13 жасында атадан жетім қалған. Кейін өз күшімен оқу оқып, күнін көреді. Одақ төрағалығына келген кезінде Мәскеуде КСРО Суретшілер съезі өтеді. Аталған шарада мінбеден сөз сөйлеген Сабыр атамыз сол кездегі Мәдениет министрі Екатерина Фурцеваның көзіне түсіп, назарын ерекше аударады. Суретші сол кездесуден соң, өмірінің бір сәтте өзгеріп кеткенін жиі айтып отырады екен. Облыстық кеңес депутаты, одан кейін Қазақ КСР депутаты болып тағайындалады. Тоқсанға таяған шағында дүниеден өткен Сабыр Мәмбеев – елімізде Халық суретшісі атағын алғандардан көзі тірі қалған соңғысы еді. Білікті басшы, майталман маман Сабыр атамыздың өнегелі өмірі, кейінгі ұрпаққа үлгі болып мәңгі қала бермек.

     Сабыр Мәмбеевтің 90 – жылдығына арналған Бэлла Садиеваның жеке шығармашылық көрмесіне 20-ға жуық туындысы қойылып отыр.

     Бэлла Садиева 1961 жылы Алматы облысы, Сарқан қаласында дүниеге келді.

     1988 жылы Алматы мемлекеттік театр – көркемсурет институтын аяқтады.

     2000 жылы  Алматы қаласындағы «Ұлар» арт-галереясында алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.    

     2003, 2004, 2005 және 2012 жылы Алматы облыстық «Көркемөнер галереясында» жеке  шығармашылық көрмелері ұйымдастырылды.

    2004 жылы ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.

    2011 жылы ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі.