Пресс-центр

Ұлттық «Домбыра» күніне арналған «Өнеріне тәнтімін қазағымның» атты домбыра жасаушы шеберлердің жинақталған көрмесі

Категория: Новости
Дата: 29.06.2018
Просмотры: 400 Печать страницы
Ұлттық «Домбыра» күніне арналған «Өнеріне тәнтімін қазағымның» атты домбыра жасаушы шеберлердің жинақталған көрмесі

2018 жылдың 29 маусымда Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында.

      Ұлттық «Домбыра» күніне арналған «Өнеріне тәнтімін қазағымның» атты домбыра жасаушы шеберлердің жинақталған көрмесі өтті.

       Таяуда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елмізде жаңа мереке – Ұлттық домбыра күні енгізілгенін жариялаған болатын.
       Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында  белгіленген бұл мерекенің қазақ халқы үшін маңызы зор.

       Домбыраны алғаш дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданған. Кейіннен аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуында ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтың фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
     Домбыраны қазақ қалай сипаттап, қалай қадір тұтқаны туралы өткен ғасырлардағы тілінен бал тамған, өлеңмен ой өрген кемел ойлы кемеңгер ақындардың жазбаларынан көруге болады.

     Бүгінгі көрмеге Жетісу өңіріне танымал Айбек Жұмабеков, Нұрәлі Адамқұлов сынды шеберлердің жұмыстары қойылды.

tify'>