Пресс-центр

«Біздің парызымыз – діни экстремизімнің алдын алу»

Категория: Новости
Дата: 15.06.2018
Просмотры: 404 Печать страницы
«Біздің парызымыз – діни экстремизімнің алдын алу»

2018 жылдың маусым айының 15 күні «Алматы облысы дін істері басқармасы» мемлекеттік мекеменің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ және Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын ұйымдастыруымен
   «Біздің парызымыз – діни экстремизімнің алдын алу» атты фото көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 
   Қазақстанда қалыпты діни ахуалды қалыптастыру үшін экстремизм мен терроризмге қарсы күрес кешенді түрде қолға алынуы тиіс. Әлбетте, оның діни, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық аспектілерімен қатар құқықтық негіздемесін жетілдіру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабына айналып отыр. Елбасы Н. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын іске асырып, қуатты мемлекетке айналу мақсатында ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрбір шетін мәселенің дер шағында алдын алғанымыз абзал.
   "Алматы облысы дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Рахмет Разбекұлы көрмеге қатысып өз ойымен бөлісіп, ризашлығын білдірді.
Көрмеге 30-ға жуық фото суреттер қойылып отыр.