Пресс-центр

Айжан Қалиеваның Халықаралық балаларды қорғау күніне арналға «Менің сүйікті қалам - Талдықорған» атты жеке көрмесі.

Категория: Новости
Дата: 30.05.2018
Просмотры: 516 Печать страницы
Айжан Қалиеваның Халықаралық балаларды қорғау күніне арналға «Менің сүйікті қалам - Талдықорған» атты жеке көрмесі.

       2018 жылдың мамыр айының 30-ші жұлдызында сағат 15:00 «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да 

     Жас суретші Айжан Қалиеваның Халықаралық балаларды қорғау күніне арналға «Менің сүйікті қалам - Талдықорған» атты жеке  шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

     Айжан Қызырханқызы Қалиева 1990 жылы Алматы облысы Текелі қаласында дүниеге келді.    

       2002 - 2008 ж. Т. Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын «Дизайн интерьера» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

       2007 ж. Т. Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында «Көктем» атты шығармашылық көрмеге қатысты.

      2013 ж. «Всероссийский Научно Иследовательский Иститут Технической Эстетики»  Халықаралық  байқауында «Дизайн Интерьер» номинациясы  бойынша дипломмен марапатталды.

       2015 ж. -  «Второй Всероссийский конкурс молодых ученых в области искусств и культуры»  Халықаралық  байқауында және «Қазақ Хандығына 550 жыл» Республикалық байқауында дипломмен марапатталды

      2016ж. «Алматы облыстық   «Көркемөнер галереясында» жеке көрмесі өтті.

      Көрмеге суретшінің 30-дан астам  туындылары қойылып, көрермендер назарына ұсынылып отыр.

    Көрменің авторы Айжан Қалиева келген қонақтарға, өз қолымен жасалған сыйлықтар табыстады.