Пресс-центр

Сборная выставка дипломных работ ДХШ «Мәңгілік тағзым»

Категория: Новости
Дата: 04.05.2018
Просмотры: 329 Печать страницы
Сборная выставка дипломных работ ДХШ «Мәңгілік тағзым»

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ» ММ  «КӨРКЕМӨНЕР ГАЛЕРЕЯСЫ» МКҚК-да

   2018 жылдың 4 – мамырында «Мәңгілік тағзым» атты Талдықорған қаласы «Балалар көркемсурет мектебінің» дипломдық  жұмыстарынан жинақталған көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

      Талдықорған қаласының «Балалар көркемсурет мектебі» 1979 жылы ашылды. Содан бері 39 жыл өтіп, мыңдаған түлектер ұшып, кәсіби бағыттарын таңдады.

      Көркемсурет мектебінің дамуына, кәсіби шеберлігі мен бейнелеу өнерінің қыр –сырын меңгерген білікті суретші ұлағатты ұстаздары дәріс берді. 

    Балалар көркемсурет мектебінде 26 ұстаз еңбек етеді. Оның ішінде  жоғарғы кәсіби біліммен -15, жоғарғы санатты 6,  ҚР Суретшілер одағының мүшесі 3.

   «Балалар көркемсурет мектебінің» директоры ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мырзатаев Серікқали Әбдірәсілұлы.

  Оқу ісінің меңгерушісі ҚР Суретшілер одағының мүшесі, 22 жылдық еңбек тәжірибесі бар Әлия Аймұхамбетқызы Бакирова.

      Тәрбие ісінің меңгерушісі Нұргүл Азаматқызы Ахмадиева.

      Жоғарғы санатты мұғалімдер Дорохина Тамара Афтондиловна мен Кузнецова Анна Юрьевнаның ерен еңбектерін атап өтпеу мүмкін емес.