Пресс-центр

Мөлдір Қасымбекованың «Ұрпаққа аманат» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты

Категория: Новости
Дата: 04.04.2018
Просмотры: 470 Печать страницы
Мөлдір Қасымбекованың «Ұрпаққа аманат» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты

    2018 жылдың  сәуір айының 4-ші жұлдызында сағат 15:00  «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құхаттама басқармасы» ММ «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған Әубәкір Ысмайыловтың 105 жылдығына арналған жас суретші Мөлдір Қасымбекованың «Ұрпаққа аманат» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

     Елімізде өнердің сан түрлі саласынан тамыр тартқан дарабоздар аз емес. Халқына бейнелеу өнерінің негізін салушы, кескіндемеші, портретист, пейзажист, карикатурашы, актер, режиссер ретінде кең танылған дара таланттың бірі - Әубәкір Ысмайылұлы Ысмайыловтың туғанына биыл 105 жыл толып отыр.

  Касымбекова Мөлдір Алматқызы 1999 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген.

 2005-2016 жж. Талдықорған қаласындағы №2 орта мектепте оқыды.

 2009-2013жж. Талдықорған қаласындағы «Балалар көркем-сурет мектебінде» білім алды.

 2016ж. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік Университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына түсті.

  2013 ж Нью-Йорк қаласында өткен «LYRICAL FANTASY» атты халқаралық көрмеге қатысқаны үшін «Золотой орел» алтын медалімен марапатталды

  Көрмені тамашалауға шақырамыз!