Пресс-центр

«Бояулар күмбірі» атты жеке шығармашылық көрменің ашылу салтанатты

Категория: Новости
Дата: 23.02.2018
Просмотры: 458 Печать страницы
«Бояулар күмбірі» атты жеке шығармашылық көрменің ашылу салтанатты

    2018 жылдың 23 ақпан күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құхаттама басқармасы» ММ «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да.  Жас суретші Шаттық Батанның  «Бояулар күмбірі»  атты жеке шығармашылық көрменің ашылу салтанатты өтті.

    Шаттық Батан 1983 жылы 16 маусымда  Қытай Халық Республикасының Күнес ауданында дүниеге келді. 1989-1998 жылдары аралығында аудандық орта мектепте білім алып, 1998-2001 жылдар аралығында Іле көркемөнер колледжінде «Сурет және кескіндеме» мамандығы бойынша білімін жетілдірді.

2004-2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Монументальды кескіндеме» мамандығы бойынша бітірді.

2009-2011 жылдары «Сәндік өнер – ағашты көркемдеп өңдеу» мамандығы бойынша өнер академиясының магистірі атанды.

Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі.

Көптеген Халықаралық, республикалық көрмелердің қатысушысы, жұмыстары отандық, шет елдердің жеке коллекцияларында сақтаулы.

Қәзіргі таңда бірыңғай жеке шығармашылықпен айналысады.

Шаттықтың шығармаларының негізгі өзегі табиғаттың сан алуан мінездері, қарапайым ауыл адамдарының тыныс-тіршілігі, қаз-қалпындағы өмірдің өз суреттері. Оның кенебінде немересін арқалаған әже сенің әжеңдей, тал-теректер мен үйлер кәдімгі өзіңнің туып-өскен ауылыңдай көрінетіні шығарманың шынайылығы мен өмірдің өзінен алынған еш қоспасыз, боямасыз бояуларында болар. Мың бояудың сиқыры кейде жаныңа шұғыла құйса, бірде көңіліңді құлазытады. Бәрімізге байқала бермейтін әр сәттің әдемі көрінісін суретшінің қылқаламына үйіп-төгіп қойғандай әсер қалдырады. Көрме залындағы суретшінің «Күн қайтқанда», «Көк-Төбе», «Қайыңдар», «Қаратал»  және тағы басқа туындыларынан ұлттық бояуларға, қанымызға тән қанық түстерге басымдық бере отырып, күн нұрына бөленіп, шуақ шашып тұрғандай ерекше сезімге бөлейді