Пресс-центр

ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІНІҢ МАМАНДАРЫ ТҮРКИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

Категория: Новости
Дата: 01.02.2018
Просмотры: 405 Печать страницы
ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІНІҢ МАМАНДАРЫ ТҮРКИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІНІҢ МАМАНДАРЫ ТҮРКИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

Қазақстан музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қорының ұйымдастыруымен және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен 2018 жылы қаңтар айының 18-24 аралығында Түркия астанасы Анкара қаласында

 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан музейлерінің қызметкерлері «Музей саласындағы жаңа технологиялар: «Музей реставрациясы, қор сақтау және музей туризмі» атты халықаралық тағылымдамаға қатысты.

Тағылымдамаға Астана, Алматы, Талдықорған, Түркістан, Атбасар, Жезқазған, Есік қалаларынан келген музей мамандары қатысты. Талдықорған қаласынан «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ  «Көркемөнер галереясы» МКҚК-ның қызметкері Оразбаева Айгүл Кәбіржанқызы қатысып, әріптестеріне өз ойымен бөлісті.