Пресс-центр

Международный пленэр «Туған жерім – тұғырым»

Категория: Новости
Дата: 18.10.2017
Просмотры: 477 Печать страницы
Международный пленэр «Туған жерім – тұғырым»
 Алматы облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты "Көркемөнер" галереясының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақ: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның 100 жылдығына арналған «Туған жерім - тұғырым» кәсіби суретшілер плэнерінің салтанатты жабылуы өтті. 
9-18 қазан аралығында Жетісудың Текели қаласының әсем табиғатын бейнелеген суретшілердің еңбегінен Оқушылар сарайындағы көрме ұйымдастырылды. Шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысып, қылқалам шеберлерінің еңбегіне баға берді. Барлық суретшілерді бағалы сыйлықтармен марапаттап, алғысын білдірді. 
Суретшілер өз кезегінде жетісу өңірінің Облыстық «Көркемөнер» галереясына табыстады. Осылайша, галереяның қоры толықса, екінші тұсынан шет елден және еліміздің түкпір-түкпірінен плэнерге қатысқан суретшілердің еңбектерін облыс тұрғындары мен қонақтары тамашалайтын болады.
Марапаттау шарасының соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 
#руxанижаңғыру#руxанижаңғыру #руxанижаңғыруалматыоблысы 
#rukhanizhangiru#zhangirualmobl