Пресс-центр

Жиналыс Террозимге қарсы іс-қимылдар ережесі

Категория: Новости
Дата: 22.09.2017
Просмотры: 456 Печать страницы
Жиналыс Террозимге қарсы іс-қимылдар ережесі

«Көркемөнер галереясында» Террозимге қарсы іс-қимылдар ережесін талқылау бойынша жиналыс өтті. Жиналыста мемлекеттік мекемедегі діни экстремизмге қарсы қандай ережелер сақталуы тиіс екендігі айтылып, Алматы облысы Ішкі Істер Департаментінің діни экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бөлімше бастығы полиция капитаны Бимуратов Айдын Алтынбекұлы қатысты. 
Айдын Алтынбекұлы галерея қызметкерлерінің туындаған сұрақтарына жауап беріп, экстремизмге қарсы бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру.
Жарылғыш құрылғылардың белгілері, ол антенна, сағат тетігінің дыбысы, сыртқа шығып тұрған әртүрлі сымдар; егер сіз қорап немесе сөмке, портфель тауып алсаңыз онда оған тиіспеңіз, ұстамаңыз, ашпаңыз, жылжытпаңыз, жанында тұрып ұялы телефонды қоспаңыз, от жақпаңыз, табылған затқа қол сұқпауды толықтай қамтамасыз ету, мүмкін болған жағдайда табылған жерді қоршау, және қауіпсіз арақашықтықта (100 метрден кем емес) шеп құру немесе күзет қою. Қауіпсіз арақашықтыққа (100 метрден кем емес) ары кетіп, «112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметке немесе «102» телефоны арқылы тиісті ішкі істер органына қоңырау шалу және сезікті зат табылғаны туралы хабарлау. Табылған сезікті зат туралы тікелей басшыға немесе қауіпсіздік үшін жауапты қызметкерге хабарлау. Үрей тұғызбау үшін орын алған оқиға туралы білуі қажет адамдардан басқаларға жарылыс қауіпі туралы хабарламаңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін сезікті затқа бөтен адамдардың жақындауына жол бермеу үшін мүмкін болған жағдайда оны қоршау, шеп құру немесе күзет қою қажет, құқық қорғау органдары келгенге дейін басшылар мен персоналдың қауіпсіздігі үшін жауапты адамдардың іс-әрекеттері 100 метрден кем емес радиустағы қауіпті аумақты адамдардан босату, қауіпті аумаққа жақын жатқан жерден адамдардың ұйымдастырылған эвакуациясын қамтамасыз ету (қамтамасыз етуге көмек көрсету), мүмкіндігінше сезікті зат пен қауіпті аумақтың күзетін қамтамасыз ету қажет. Құқық қорғау органдары өкілдерінің келуін күту және олардың нұсқауы бойынша әрекет ету қажет. Адамдарды кепілге алған жағдайда айғайламаңыз, ашуланбаңыз, барынша сабырлық сақтаңыз, өзіңіз келіссөз жүргізбеңіз, қылмыскерлерге өшпенділік таңытпаңыз, қастарыңыздағы адамдарға көмек көрсетіңіз, мүмкін болған жағдайда полицияға хабарлау кажет, толық сеніміңіз болмаса қашуға тырыспаңыз. Арнайы операция басталған жағдайда бетіңізді төмен қаратып, еденге жатыңыз, қолдарыңызды желкеңізге салыңыз, арнайы жасақ (спецназ) қызметкерлеріне қарсы жүгірмеңіз, терезеге, есікке жақындамаңыз, қылмыскерлердің қаруын қолыңызға алмаңыздар деп атап айтты.
«Көркемөнер галереясы» МКҚК- ның қызметкерлері террористік актілерге және экстремизмге қарсы іс-қимыл ережелерімен толық таныстырылды.