Пресс-центр

Асыл қазынам

Категория: Новости
Дата: 14.09.2017
Просмотры: 518 Печать страницы
Асыл қазынам

             Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың қыркүйек айының 14-ші жұлдызында сағат 15:00 "Асыл қазынам" атты жылжымалы көркемсурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Жаркент қаласындағы «Ә.Қастеевтің көркемсурет галереясында» , Алматы облыстық «Көркемөнер галереясының» МКҚК-ның негізгі қорындағы танымал суретшілердің туындыларынан жинақталған көрмеге К.Муллашев, Ө.Жұбаниязов, Е.Садырбаев, М.Нүсіповтың және жас суретшілер С.Сәрсенбаева, М.Сағындық, Д.Утильбаеваның т.б. 40-қа жуық танымал суретшілердің туындылары Жаркент қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды. Ел Тәуелсіздігін одан әрі нығайту бойынша біздің еліміздің жастарына арналған жол картасы. Бұл бағдарламаның барлық қағидалары ұлттық экономиканы және қазақстандықтардың әл-ауқатын дамытумен тікелей байланысты. Мұндай ауқымды бағдарлама ұлтты біріктіретін,азаматтық ұқсастықты нығайтатын өзіндік арқау болды. Отан -бұл тек жер, аумақ қана емес, ортақ дүниетанымдық құндылықтарды, тілді, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды иеленушілерден құралған бірыңғай әлеуметтік-мәдени қауымдастық та ғой. Сондақтан Президент бағдарламасының мағынасы мен қағидаларының қоғамның барлық топтарына жеткендігі маңызды. Бұл бағытта Қазақстан xалқы ассамблеясы азаматтық қоғамдағы қозғаушы күш және Елбасының идеялары мен жасампаз саясатын тиімді жаюшы ретінде өте маңызды рөл атқарады. 
       Біздің еліміздің әлемнің ең дамыған елдерінің отыздығына табысты кіруі үшін, әрбір жас адам негізгі оқиғалардан, жаңа ағымдардан және теxнологиялық үдірістен xабардар болып отыру қажет. 
Көрмеде ҚР мемлекеттік орталық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, философия ғылымының докторы Ғалия Теміртонқызы, аудандық «НұрОтан» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Досмаилов Қанат Нұркешұлы,Аудандық білім бөлімінің әдіскері Рысбаев Ғалымжан Қалиұлы, Жаскент ауылдық округінің әкімі Бакетов Советxан Таубалдыұлы, Ә. Қастеевтің көркемсурет галереясының директоры Әбілxанов Берік Әбілxанұлы сөз беріліп, қортынды сөз Алматы облыстық "Көркемөнер галереясының" директоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қаблисанов Қайрат Қаманұлы қортындылады. Көрмеге 80 астам өнер сүйер қауым қатысып қызығушылық танытты. Көрмені Панфилов ауданының тұрғындар 14 қыркүйек - 14 қазан аралығында тамашалай алады.