Пресс-центр

Экскурсия № 18 мектеп-гимназия

Категория: Новости
Дата: 08.09.2017
Просмотры: 503 Печать страницы
Экскурсия № 18 мектеп-гимназия

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы қыркүйек айының 8 жұлдызында Талдықорған қаласының Б.Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейінің 4 А, Ә, Б, сыныптары мен 1 А,Б, 3 А,Ә,Б, сынып оқушылары танымдық экскурсияға келді. Балалар "Көркемөнер галереясының" қорындағы тариxи жанрда орындалған жас суретшілер С.Сәрсенбаеваның «Ұлы Жәнібек», «Бәйбіше», М.Сағындықтың«Көкпар», «Керей мен Жәнібек» атты туындылармен қатар Алматы облысының атақты суретшілері К.Муллашевтың «Қыпшақ қызы», Ә.Исмаиловтың «Оқжетпесі», Б.Ахметовтың «Атамекен» атты туындыларымен танысты. Қаламыздың кәсіпқой қолөнер шебері Шынар Мұxтарxанқызының қолөнер бұйымдарын, кесте жұмыстарын тамашалап, бейнелеу өнері, қолөнердегі әр түрлі жанрлармен танысып, орындалғанын туындыларға деген қызығушылықтары артты. Оқушылар тақырыптық экскурсияларды тамашалады.