Пресс-центр

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мен ұлттық код» бағдарламасы аясында «Жетісу өрнектері» атты ұлттық сәндік қолданбалы қолөнер шеберлерінің жұмыстарынан жинақталған көрме

Категория: Новости
Дата: 15.08.2017
Просмотры: 1139 Печать страницы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мен ұлттық код» бағдарламасы аясында «Жетісу өрнектері» атты ұлттық сәндік қолданбалы қолөнер шеберлерінің жұмыстарынан жинақталған көрме

   2017 жылдың тамыз айының 15 жұлдызыңда «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ

«Көркемөнер галереясы» МКҚК-да

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мен ұлттық код» бағдарламасы аясында «Жетісу өрнектері» атты ұлттық сәндік қолданбалы қолөнер шеберлерінің жұмыстарынан жинақталған көрме өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру барысында галереяның көрме залында Жетісулық әуесқой қолөнер шеберлері Шынар Мұхтарханқызы мен Нұргүл Сүлейменованың біріктірілген көрмесі ұйымдастырылып, көрермендер назарына ұсынылып отыр.

Жаңғырған қоғам тарихтың тереңінен бастау алатын рухани кодымен ерекше. Жаңа сипатта жаңғырудың ең басты шарты - оны сақтай білуде. Ұлттық код - өзімізге ғана тән құндылықтарымыз.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Әрбір ұлттың өзіндік мақтанышына айналған жөн-жоралғысы мен тарихы бар, салт-дәстүрлері мен рухани мұралары бар. Ұлттық кодтың негізі – отансүйгіштік. Қазақ ұлтының коды – қазақылығы. Біздің мақсат ата-баба мұрасын қастерлеп, мирасына сызат түсірмеу.

Бүгінгі көрмедегі қолөнер шеберлерінің 60-тан астам кестеленген туындыларынан, тоқыма өнерінен тоқылған кілемшелері, құрақ көрпелері, киізден ұлттық нақышта тігілген қолөнер бұйымдарынан көрермендер бір сәт ұлттық өнерімізді тамашалап, ежелден келе жатқан біздің салтымыз бен дәстүріміз, мәдениетімізден мол рухани әсер алары сөзсіз.