Пресс-центр

"Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында онлайн режимінде экскурсия жүргізілді.

Категория: Новости
Дата: 02.04.2020
Просмотры: 75 Печать страницы

1 сәуір 2020 жылы "Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында онлайн режимінде экскурсия жүргізілді. 1950 жылы ашылған "Пионер үйіне" 2002 жылы Алматы облысының әкімінің қолдауымен күрделі жұмыстар жүргізіліп, "Көркемөнер галереясы" ашылды. Ашылу салтанатына Елбасы, тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев қатысты. Галерея 3 қабаттан, 10 экспозициялық залдардан тұрады. Жыл сайын 30 жуық көрмелер, нақтырақ айтқанда жеке көрмелер, жинақталған көрмелер мен жылжымалы көрмелер және байқаулар ұйымдастырылады. І қабатта галереяның негізгі қорындағы туындылар қойылған. Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кәсіпқой суретшілердің   2017-2018 жылы Халықаралық пленэр өткізілді. Пленэр Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей және Қытай Халық Республикаларының кәсіпқой суретшілері қатысты. Галереяның ІІ қабатында 4 наурыз 2020 жылы 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне арналған мектеп оқушылары, студенттер және кәсіпқой суретшілердің қатысуымен "Менің анамның бейнесі" атты көрме-байқауы барысында салынған туындылар қойылған. Галереяның ІІІ қабатында ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы - Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Алматы облысының Алакөл, Балхаш, Ақсу, Райымбек, Кеген, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Панфилов, Кербұлақ, Ескелді аудандарының және Текелі, Талдықорған қалаларының 50 – ге жуық кәсіпқой суретшілерінің 100 - ге жуық туындылары  қойылды.