Пресс-центр

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты облыстық кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме-байқауы

Категория: Новости
Дата: 28.01.2020
Просмотры: 438 Печать страницы
Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты облыстық кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме-байқауы

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған  «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты  облыстық кәсіпқой суретшілердің туындыларынан

жинақталған көрме-байқауының

ЕРЕЖЕСI

 

Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі №27 А

 

 

Байқаудың негiзгi мақсаты мен міндеттері:

 

Ұлы ақын, ойшыл, дана Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау мақсатында Абайдың жарқын бейнесін кенеп бетіне түсіру. Сурет өнері арқылы өскелең ұрпақтың ел мен жерге деген перзенттік махаббатын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Облыстық кәсіпқой  суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме ұйымдастыру, жұмыстарын насихаттау, олардың тың шығармаларымен  галерея қорын толықтыру.

 

Басты талаптары  мен негiзгi шарттары:

 

1. Байқауға барлық кәсіби суретшілер қатыса алады.                  

2. Әр үмiткер 3 туындыдан өткізуі қажет:

- багетімен безендірілген;

- туынды көлемі 80х100см. кем болмауы тиіс.

3. Туынды төмендегідей тақырыптарды қамтуы тиіс:

- дара тұлға – Абай Құнанбаевтың бейнесі, портреттік жанр (графика, майлы бояу, су бояу, гуашь, акрил);

-  Абай Құнанбаевтың шығармаларынан отан, жер, туған ел табиғаты және т.б.  

4. Әр үмiткердiң  шеберлiгi ескеріледі.

5. Жүлделі орындарға ие болған суретшілердің туындылары Алматы облыстық «Көркемөнер галереясының» негізгі қорының экспонаты ретінде сақтауға алынады.

6. Қазылар алқасының таңдауымен байқауға қатысушылардың суреттері «Абай» кітабына енгізіледі.

 

 

 

Қазылар алқасы:

 

7. Қазылар құрамына кәсiби бiлiктi мамандар кiредi;

8. Қазылар алқасы белгiлi бiр орынды бермеуiне немесе екi адамға бөлiп беруге құқылы;

9. Қазылар алқасының шешiмi өзгертiлмейдi.

 

Өтiнiш беру шарттары:

 

10. Үміткердің өтініші мен туындылары 2020 жылғы 25 қаңтар мен 15 наурыз күндері аралығында қабылданады;

- заңды түрде расталған төлқұжатының көшірмесі;

- үміткердің өмірбаяны;

- үміткердің көрмеге қойылатын туындыларының 13х18 көлемдегі түрлі-түсті фотосуреттері /электронды нұсқасымен/;

- мекен-жайы, байланыс телефондары.

11. 2020 жылдың 15-20 наурыз күндері аралығында іріктеу жұмыстары жүргізіледі;

12. 2020 жылдың 20 наурыз күні байқау қорытындысы негізінде көрме ұйымдастырылатын болады.

 

Жүлдегерлердi марапаттау:

        

Бас жүлде –    300 000 теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Бірінші орын -                               250 000 теңге

Екінші орын –                                200 000 тенге

Үшінші орын –                             150 000 теңге

 

Ынталандыру  жүлделерi – 3

 

         «Үздік кескіндемеші»                    50 000 теңге

         «Үздік сюжет»                                 50 000 теңге

         «Үздік композиция»                       50 000 теңге

 

Ұйымдастырушылар: «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

 

Байқауға туындыларды 2020 жылдың 25 қаңтар мен 15 наурыз күндері аралығында ұйымдастыру комитетіне  төменде көрсетілген мекен-жайға кешіктірмей жіберуі қажет. Соңғы қабылдау күні 15 наурыз 2020 жыл.

Алматы облыстық «Көркемөнер галереясы»

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 27 А

Байланыс  телефондары: 8(7282) 24-53-38,  тел/факс:  24-52-50.

Электронды пошта: k.galereya@bk.ru