Пресс-центр

Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты Алматы облыстық кәсіпқой суретшілерінің туындыларынан жинақталған көрме-байқауы

Категория: Новости
Дата: 13.12.2019
Просмотры: 248 Печать страницы
Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты Алматы облыстық кәсіпқой суретшілерінің туындыларынан жинақталған көрме-байқауы

2019 жылдың 13 желтоқсан күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да

   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған

«Тәуелсіздік тұғырым» атты Алматы облыстық кәсіпқой суретшілерінің туындыларынан жинақталған көрме-байқауының салтанатты ашылуы өтті.

  Көрме-байқауға  Алматы облысының кәсіпқой суретшілері С. Абдрасилов, А.Оймауытов, М.Әбділдаев, А.Асқаров, Қ.Медешев, Ш.Усманов, Н.Ысқақов, А.Бекбергенова, Ә.Бакирова, С.Сарсенбаева, С.Қазиев, А.Абылханов,  Ш.Заманбекова, Ә.Ысқақов және т.б. барлығы 20 – ға жуық суретшілер   қатысып, 30 – дан астам туындылары қойылады.

  Көрме-байқаудың мақсаты: Жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту, ұлттық мәдени-мұраны сақтау, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, рухани байлығымызды жоғалтпай, асқақтату. Көрме-байқауға қатысқан кәсіпқой жас суретшілердің  жұмыстарынан жинақталған көрме ұйымдастыру, олардың тың шығармаларымен  галерея қорын толықтыру.

 Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының орынбасары Жақыпбекова Әлия Әлімжанқызы бүгінгі көрме байқауға қатысқан суретшілерді құтықтап және жүлдегерлерді марапаттады.

Ыталандыру жүделері:

«Үздік сюжет» номинациясы және 30 000 мың теңгенің сертификаты

Дәуренбаев Есет Жеңісұлына табысталады. /Талдықорған қаласы/

«Үздік компазиция» номинациясы және 30 000 мың теңгенің

Сертификаты Заманбекова Шолпан Жақыпқызына табысталады.

/Панфилов ауданы/

«Үздік кескіндемеші» номинациясы және 30 000 мың теңгенің сертификаты

Асқаров Айдар Тұрғанбайұлына табысталды. /Талдықорған қаласы/

Үшінші орын және 80 000 мың теңгенің сертификаты, Қойлыбай

Медешевке табысталады. /Талдықорған қаласы/

Үшінші орын және 80 000 мың теңгенің сертификаты, Қазиев Советхан Болдаубайұлына  табысталады.             /Алакөл ауданы/

Үшінші орын және 80 000 мың теңгенің сертификаты, Бакирова Әлия

Аймухамбетқызына  табысталады. /Талдықорған қаласы/

Екінші орын және 100 000 мың теңгенің сертификаты, Абылханов Айнолла Қасенұлына  табысталады.              /Райымбек ауданы/

Екінші орын және 100 000 мың теңгенің сертификаты, Ысқақов Нұрболат

Сәйдінұлына  табысталады. /Қаратал ауданы/

Бірінші орын және 150 000 мың теңгенің сертификаты, Сарсенбаева

Сымбат Берікқызына  табысталады. /Талдықорған қаласы/

Бас жүлде және 200 000 мың теңгенің сертификаты, Әбділдаев Мұратхан Дүйсенғалиұлына  табысталады.        /Талдықорған қаласы/