Пресс-центр

«Қариялы ел – қазыналы ел»

Категория: Новости
Дата: 03.10.2019
Просмотры: 189 Печать страницы
«Қариялы ел – қазыналы ел»

  2019 жылдың қазан айының 3 күні, 1 қазан – Қарттар күніне, «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, «Қариялы ел – қазыналы ел» тақырыбында кездесу кеші өтті.

     Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.

    Осыған орай галерея залында фото көрме ұйымдастырылып, қарттарымызға құрмет көрсетілді.