Пресс-центр

«Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиумы

Категория: Новости
Дата: 28.09.2019
Просмотры: 274 Печать страницы
«Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиумы

2019 жылдың 23-28 қыркүйек айының аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиумы өткізілді. Әлемдік деңгейдегі үздік суретшілер қатарынан есептелетін, қылқалам шеберлері – шетелдік суретшілердің туындыларынан жер жәннаты Жетісу жерінде орналасқан Талдықорған қаласының тамаша орындары суреттелді. («жалпы саны 25 суретші қатсқан Халықаралық симпозиум»)

   Халықаралық симпозиумның жабылуында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Марлен Қапашұлы суретшілерді құттықтап, марапаттады. Марапаттау барысында суретшілерге қатысқаны үшін Халықаралық деңгейдегі сертификат пен 150 000 тенгенің сыйлығы табысталды.

Түркия Мемлекетінің «ТУРКСОЙ» халықаралық ұйымының бөлім басшысы – Мүләзімоғлы Мехмет Санжар симпозиумға қатысқандарға Түркия мемлекетінің атынан үлкен сәлем жолдай отырып, «ТУРКСОЙ» ұйымының атынан Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлына «Алғыс хат» және барлық қатысқан суретшілерге сертификаттар табыстады. Әзірбайжандық суретші Чопуров Сабыр Салманоглы Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына өзінің салған туындысын сыйға тарту етті.

  Суретшілердің симпозиум барысында салған туындылары «Көркемөнер галереясының» негізгі қорының экспонаты ретінде сақтауға алынды.