Пресс-центр

«Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиум

Категория: Новости
Дата: 24.09.2019
Просмотры: 288 Печать страницы
«Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиум

2019 жылы қыркүйек айының 24-28 аралығында  Алматы облысы әкімінің қолдауымен «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы» МКҚК-ның және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиумы өтуде.

   Симпозиумның ашылуы салтанаты 2019 жылы 24 қыркүйек күні сағат 10.00-де  Талдықорған қаласы, «Салтанат сарайында»  «Ұлттық бірегейлікті сақтау: Ұлттық код. Ұлттық мәдениет»  тақырыбындағы конференциядан бастау алды. Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Марлен Қапашұлы алыс жақын шет мемлекеттен келген суретшілерді құттықтады.

     Қатысушы мемлекеттер:

Қазақстан, Ресей, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Қырғыстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері, Алматы, Атырау, Павлодар, Түркістан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы Талдықорған қалаларынан 25 суретші қатысты. Суретшілер өзара пікір алмасып, біраз әлеуметтік мәселерер шешілді.