Пресс-центр

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты іс – шараның салтанатты ашылуы

Категория: Новости
Дата: 13.09.2019
Просмотры: 261 Печать страницы
«Жемқорлыққа жол жоқ» атты іс – шараның салтанатты ашылуы

  2019 жылдың 13 қыркүйегінде  «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында және  Алматы облысының  тарихи мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығымен  бірлесе ұйымдастырылған  «Жемқорлыққа жол жоқ» атты  іс – шараның салтанатты ашылуы өтті.

  Іс- шараның  негiзгi мақсаты: Ғасыр індеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын нығайту, студенттерге кемел болашақтың үлгі тұтар парасатты азаматтары ретінде тәрбиелеп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке баулу. Алматы облысының суретшілерінің 20-дан астам карикатуралық плакаттарынан көрме ұйымдастырылды

 Іс - шараның ашылу салтанатына түсіндірме жұмысын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Жетісу адалдық алаңы жобалық кеңесінің басшысы Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы, облыс суретшілері, мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер  жалпы өнер сүйер қауым қатысты.