Пресс-центр

«Серпіліс» атты көрмесінің ашылу салтанаты

Категория: Новости
Дата: 21.06.2019
Просмотры: 209 Печать страницы
«Серпіліс» атты көрмесінің ашылу салтанаты

    2019 жылдың маусым айының 21 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында,

      Жастар жылына арналаған Қазақстан жас суретшілер одағы мүшелерінің және Алматы облысының кәсіпқой жас суретшілерінің туындыларынан жинақталған «Серпіліс» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

      Көрмеге жас суретшілердің  20 –дан астам кескіндеме, киіз, гобелен және тағы басқа жанрдағы туындылары қойылып, көрермендер назарына ұсынылды.

      Көрменің негiзгi мақсаты: ұлттық мәдени-мұраны сақтау, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, рухани байлығымызды жоғалтпай, асқақтату, ұлттық рухта тәрбиелеу және болашақ жас суретшілеріміздің  өнерін  насихаттау.

    Көрменің ашылуына жас суретшілер, мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер, оқушылар жалпы өнер сүйер қауым шақырылды.