Пресс-центр

«Өлке өнері» атты кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме – байқауы

Категория: Новости
Дата: 07.06.2019
Просмотры: 330 Печать страницы
«Өлке өнері» атты кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме – байқауы

2019 жылдың маусым айының 7 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында,

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұйымдастырылып отырған «Өлке өнері» атты кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме – байқауының  ашылу салтанаты өтті.

Қазақ халқы– қай ұлтпен болса да терезесi тең халық. Оның ке­ңiс­тiктi қабылдауы, ой ұшқырлығы, философиясы, өмiрдi қа­былдауы өзге елдерден асып түспесе, кем түспейді. Біздің Жетісу өңірінен шыққан қаншама майталман қылқалам шеберлері көптеген Халықаралық, Бүкілодақтық, республикалық көрмелерге қатысып, өте жоғары жетістіктерге жетті. 

Көрме-байқауға Жетісу өңірінің 22 кәсіпқой суретшілері қатысты. Көрмеге қойылған жұмыстар, республикалық, облыстық меке­ме­ле­рiмiз суретшiле­рдің жүректен шыққан әсерлi туындылары ұлттық рухымызды көтерер дүниелерiне толып тұрса деген тiлек бар. Мақсатымыз атақты суретшілерден бастап, жас талант иелерінің туындыларын насихаттап, елге таныстырып болашаққа жол ашу.

Көрменің ашылу салтанатына Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Көлбаев, ҚР суретшілер одағының жауапты хатшысы, өнертану ғылымдарының кандидаты Ж.Натбаев, ҚР суретшілер одағының мүшесі, мүсінші, О.Таңсықбаев атындағы колледждің аға оқытушысы Т.Серікбаев қатысып, жылы лебіздерін білдіріп, суретшілерді марапаттады.

Бас жүлде А.Асқаров,

1-орын Ш.Усманов,

2-орын С.Қасен,

3-орын Т.Намазбеков