Пресс-центр

«Шеберлікке жол» атты көрмесі

Категория: Новости
Дата: 30.05.2019
Просмотры: 169 Печать страницы
«Шеберлікке жол» атты көрмесі

2019 жылдың мамыр айының 30 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында,

    1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Талдықорған қаласындағы «Балалар көркемсурет мектебі» оқушыларының дипломдық жұмыстарынан жинақталған «Шеберлікке жол» атты көрмесінің салтанаты ашылу өтті.

   1979 жылы шығармашыл балалар үшін ашылған мектепке 2019 жылдың қыркүйек айында 40 жыл толғалы отыр. Осы уақыт ішінде мектеп қабырғасынан  300 ден артық шәкірт білім алып, жылдан жылға қалалық, Республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанып келді.   

       Көрмеге балалардың 50 – ден астам  жұмыстары қойылып отыр. Ашылу салтанатына суретшілер, мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер, оқушылар жалпы өнер сүйер қауым шақырылады. Көрме бір ай көлемінде өз көрермендерін күтеді. 

Келіңіздер, көріңіздер!