Пресс-центр

Қаламыздағы №2 орта мектептің окушысы, жас суретші Арман Каримжановтың Жастар жылына арналған «Талпыныс» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу

Категория: Новости
Дата: 22.05.2019
Просмотры: 271 Печать страницы
Қаламыздағы №2 орта мектептің окушысы, жас суретші Арман Каримжановтың Жастар жылына арналған «Талпыныс» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу

   2019 жылдың мамыр айының 22 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында,                             Қаламыздағы №2 орта мектептің окушысы, жас суретші Арман Каримжановтың Жастар жылына арналған «Талпыныс» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті

    Елбасымыздың жастарға әркез назары, қамқорлығы ерекше. 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақсандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке жастардың білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды. Әсіресе, жоғары оқу орындарының білім сапасы, түлектердің жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс. Себебі білімді жас сапалы маман болып қалыптасары сөзсіз.

      Бүгінгі Жастар жылында ұйымдастырылып отырған «Талпыныс» атты көрмеге Арманның 20 – ға  жуық туындылары қойылып отыр. Ашылу салтанатына суретшілер, мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер, мектеп оқушылары жалпы өнер сүйер қауым қатысып, жас суретшінің өнеріне тәнті болды.

Келіңіздер, көріңіздер!