Пресс-центр

Марат Әлімқұлұлы Нисуповтың «Мәңгілік мұра» атты жеке шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы

Категория: Новости
Дата: 30.04.2019
Просмотры: 280 Печать страницы
Марат Әлімқұлұлы Нисуповтың «Мәңгілік мұра» атты жеке шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы

2019 жылдың сәуір айының 30күні  сағ. 15-00 де «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында,

   ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі, көркем академиясының академигі,  «Таранда Великого Эля» алтын медалінің иегері, Халықаралық көмелердің лауреаты, жетісулық суретші Марат Әлімқұлұлы Нисуповтың «Мәңгілік мұра» атты жеке шығармашылық көрмесінің  салтанатты ашылуы өтті.

Суретшінің шығармашылығын бірнеше салаға бөлуге болады. Натюрморт, пейзаж, тематикалық картиналар және портреттер. Суретшінің шығармашылығының басты жанры – портрет.

Еліміздің Тұңғыш Президенті, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бірнеше портреттерінің авторы. Монако Князі Алберт ІІ портретінің, өнер қайраткерлері Асанәлі Әшімовтың, Нұржұман Ықтымбаевтың, Роза Бағланованың, Бибігүл Төлегенованың, көптеген ауыл қарияларының, замандастарымыздың портреттерін жазды.

         Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған суретшінің шығармашылығы жайлы кітап-альбомы Италиядан жарық көрді. 

Алматы облысының мәслихат хатшысы Дүйсенбинов Сұлтан Мырзабекұлы.

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, профессор Өмірәлі Шакарапұлы Жалаири.   

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Әділжан Берікұлы және  бір топ зиялы қауым. Сондай ақ көрмеге автордың класстастары және ұстазы Сексенбаева Бақтылы Ешмұхаметқызы құттықтап жылы лебізін білдірді.

  Көрмеге қылқалам шеберінің 30 – ға  жуық туындылары қойылып отыр.

  Келіңіздер, көріңіздер!