Пресс-центр

«Жаңа технология және өнер» атты жинақталған көрмеcі

Категория: Новости
Дата: 26.04.2019
Просмотры: 311 Печать страницы
«Жаңа технология және өнер» атты жинақталған көрмеcі

2019 жылдың сәуір айының 26күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында,

     Орал Таңсықбаевтың 115 жылдығына арналған О.Таңсықбаев атындағы сәндік – қолданбалы өнер  колледжі студенттерінің туындыларынан жинақталған «Жаңа технология және өнер»  атты жинақталған көрменің салтанатты ашылуы  өтті.

      Көрмеге колледж студенттерінің ең үздік жұмыстары қойылып отыр. Ашылу салтанатына,  ҚР Мәдениет және Еңбек сіңірген қайраткері, колледж директоры Шалабаев Сейтхали Исақұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, «ҚР Ерең Еңбегі үшін» медалінің иегері Әлжан Серікбай Мүбәрәкұлы сөз алып, жылы лебіздерін білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Көрме бір ай көлемінде өз көрермендерін күтеді.

                                    Келіңіздер, көріңіздер!