Пресс-центр

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты біріккен мерекелік қонақжай

Категория: Новости
Дата: 16.03.2019
Просмотры: 306 Печать страницы
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты біріккен мерекелік қонақжай

2019 жылдың наурыз айының 15 күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құхаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме  «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  және Талдықорған қаласы  С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап  кітапханасының ұйымдастыруымен 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты біріккен мерекелік қонақжай кітапхананың залында өткізді.

     Наурыз мейрамы – көктемгі жаңару мерекесі. Ол Шығыс халықтарының ислам дінін қабылдағанына дейін пайда болды.

     Мерекелік кеш барысында халқымыздың көрісу, шашу, аластау, сәлем салу, құрсақ шашу, бесікке бөлеу сынды  салт-дәстүрлері орындалып, көрініс көрсетілді. Көркемөнер галереясының қызметкерлері қазақтың тұңғыш суретші қызы Айша Ғалымбаеваның ауылында ұлтымыздың салт дәстүрінің бірі «Құрсақ шашу» тойының үзіндісін көрсетті.

      Келген қонақтарға дастархан жайылып, ет тартылды. Сонымен қатар мерекелік кештің негізгі дәмі – Наурыз көжеден дәм ұсынылды. Меркелік кеш Сүйінбай атындағы филармониясы әртістерінің ән-күйлеріне ұласты. Ұлттық дәстүрді насихаттайтын «Оймақ», «Кесте» сынды қазақ билері көрсетілді.  ,

        Шараға Мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, суретшілер, БАҚ өкілдері қатысты.

0cm;margin-bottom:.0001pt'>