Пресс-центр

«Менің анамның бейнесі» атты байқау көрмесі

Категория: Новости
Дата: 04.03.2019
Просмотры: 266 Печать страницы
«Менің анамның бейнесі» атты байқау көрмесі

     2019 жылдың 4 наурызында сағат 15.00-де Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  мектеп оқушылары, студенттер және кәсіпқой жас суретшілердің туындыларынан жинақталған «Менің анамның бейнесі» атты байқау көрмесі өтті.

   Көрмеге «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Алматы облыстық «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен      8 - наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған  көрме – байқауға қаламыздағы мектеп оқушылары, студенттер және кәсіпқой суретшілер қатысып, өз өнерлерін қорғап, сайысқа түсті.

    Көрменің негiзгi мақсаты: өскелең ұрпаққа Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету,  ұлттық мәдени-мұраны сақтау, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, рухани байлығымызды жоғалтпай, асқақтату, ұлттық рухта тәрбиелеу.

   Байқауға Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама

басқармасының басшысының орынбасары Ә.Жақыпбекова көрмеге қатысушыларды құттықтап,  жүлделі орын иегерлері мен барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар, алғыс хаттар мен дипломдар табыстады.

Қатысушылар: суретшілер, мәдениет саласының қызметкерлері, қала қонақтары, студенттер, оқушылар жалпы өнер сүйер қауым, БАҚ өкілдері шақырылды.