Пресс-центр

«Ауған соғысы ұмытылмайды» атты жинақталған көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Категория: Новости
Дата: 14.02.2019
Просмотры: 351 Печать страницы
«Ауған соғысы ұмытылмайды» атты жинақталған көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

2019 жылдың 14-ақпанында сағат 16.00-де Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Алматы облысы суретшілерінің «Ауған соғысы ұмытылмайды» атты жинақталған көрмесінің ашылуы өтті.

Көрмеге ауған соғысының ардагері, суретші Ерғали Абдрасиловтың, Б.Римова атындағы театрдың қоюшы-суретшісі Қ. Шалабаеваның, ҚРСО Алматы облыстық филиалының төрағасы Е.Жүнісханның, «Балалар көркемсурет мектебінің» ұстаздары Ә. Бакирова, Б. Найзабеков және т.б. суретшілердің 20-дан астам туындылары қойылды.

Көрменің ашылу салтанатында  Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Марлен Қапашұлы ардагерлерді құттықтап, «Жетісу өңірінің суретшілері» атты кітапты табыстады. Келген қонақтар: Алматы облыстық Ауған соғысы  ардагерлері» қоғамдық қорының хатшысы Сәрсенбинов Бейбіт Жақыпбекұлы, ардагерлер Овчиннеков Николай Николаевич және ҚРСО мүшесі Абдрасилов Ерғали Мырзатайұлы өз ойларымен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Көрмені ардагерлер мен облыс суретшілері, Талдықорған гарнизонының әскери борышын өтеушілер және жалпы өнер сүйер қауым тамашалады.  Көрме 14 ақпаннан 14 наурызға дейін, келіңіздер көріңіздер!