Пресс-центр

«Алаш» партиясының 100 – жылдығына арналған «Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте» атты Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттерінің жұмыстарынан жинақталған көрмесі.

Категория: Новости
Дата: 15.06.2017
Просмотры: 511 Печать страницы
«Алаш» партиясының 100 – жылдығына арналған «Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте» атты Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттерінің жұмыстарынан жинақталған көрмесі.

  2017 жылдың маусым айының 15 жұлдызында МКҚК «Көркемөнер галереясында», «Алаш» партиясының 100 – жылдығына арналған «Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте» атты Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттерінің жұмыстарынан жинақталған көрменің ашылу салтанаты өтті.
  Бостандық жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман-мақсаттары бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан оған дәлел. Көрмеге қаламыздағы Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттерінің жұмыстарынан жинақталған 40-тан астам жұмыстары қойылды.
  Көрменің ашылу салтанатының аяғында Гуманитарлық-техникалық колледждің студентері мен мұғалімдерінің мастер классы көрермендер назарына ұсынылды.
Көрмеге келген қонақтар мұғалімдер мен студенттерге ізгі ниеттері мен тілектерін білдіріп, туындыларды тамашалады.